Ата-ананы құрметтеу – Алланың ұлы бұйрығы
Ата-ананы құрметтеу – Алланың ұлы бұйрығы

Адам баласы – Алла тағала жаратқан жаратылыстың ішіндегі ең  ұлысы. Олай болса, осы адамзат ұрпағын Хақ Тағала ата-ана дәнекерлігімен көбейткен. Кез келген адам үшін дүниеде ең қымбат жандар – туған ата-анасы.

Бұл қымбатты жандарды Алла тағаланың Өзі аяттарда дәріптеген. Демек оларға құрметпен, жауапкершілікпен қарау міндеті балаға жүктелген. Сондықтан да Ұлы Жаратушы ата-анаға лайықты дәрежеде құрмет пен жақсылық жасауды Өзінен кейiнгі кезекке қойған. Бұл туралы Құран Кәрімде: «Раббың тек қана өзіне құлдық жасауды, әке-шешеңізге жақсы қарауды бұйырды. Ал егер олардың бірі немесе екеуі де қолдарыңда тұрған кезде қартайса, оларға «үһ» деп те айтпа. Сондай-ақ, оларға зекіме және оларға сыпайы сөйле. Мейіріммен оларға құшақ жайып оларға былай деп дұға жаса «Уа, Раббым! Олар мені кішкентай күнімде қалай мәпелеп өсірген болса, оларды солай мейіріміңе бөлей гөр»[«Исра» сүресі, 23-24 аяттар],- деген. Бұл аятта әуелі Аллаға серік қоспауды бұйырғаннан кейін, қоғамдағы жеке адамдардың жауапкершіліктеріне тоқталып, Алладан кейінгі кезекте ата-ананың ақысы бар екені еске салынып, оларға жақсы қарауды бұйырған. Осылайша Алла құзырында ата-ананың қадірі қаншалықты маңызды екендігі көрсетілген. http://e-islam.kz/islam-zhane-qagam/ishki-kategoriyalar/islam-zhane-otbasy/item/6101-ata-anany-k-rmetteu-allany-ly-b-jry-y 

Kalmakhan YerzhanKalmakhan Yerzhan
9 жыл бұрын 10420
2 пікір
Блог туралы
0
19403 20 94 249 49