ЖАЛҒАН «ТАЛАҚ» ҚОҒАМ ДЕРТІНЕ АЙНАЛДЫ
Неке қазақ халқы үшін де өте ардақты, қасиетті ұғым, халық арасында мұны «ақ неке» деп ардақтайды. Жан жолдасын «ақ некелі жарым» деп мақтанады. Бас қосқан ер мен әйелдің міндетті түрде көпшілік алдында некесі қиылады. Некесі қиылмай, қосылған адамдарды халық «некесіз» деп сөккен және оларға салқын қараған. Олардың балалары да «шата» немесе «некесіз туған» деген жаман атқа қалған. Сол себепті де, ежелден қазақ халқының үйленетін екі жасқа деген ықыласы мен талабы айырықша жоғары болған. Осыдан келіп шығатын «үйлену оңай, үй...