Қадір түнінің қадірін білейік
Қадір түнінің қадірін білейік

Адам баласы өзіне қажеттісін іздеп тапсын деп Хақ Тағала оған құштарлық сезімін берген. Қасиетті жұма күнінде дұға қабыл болатын сəт, Алла Тағаланың көптеген көркем есімдерінің ішінде бəрінен ұлық бір есімі, Көптеген ізгі амалдардың арасында Алланың ерекше разы болатын амалы, Рамазан айында Қадір түні жасырылған. Бұл мейірім айының əр күнін оразамен əр түнін шынайы құлшылықпен өткізген пенде қадір түнінің қадірін біліп, ондағы сәтті іздеп табары сөзсіз. 
Алайда адам баласы кейде дүниелік істерге алданып, ғапылдыққа ұрынып жатады. Тәнімізді суменен ысқылап тазартуға тырысқанымыздай, ақыл, жүрек, рух әлемімізді, құштарлық және махаббат сезімдерімізді таза ұстауды еш ойламадық па? Рухани тазарудың да жолы бар. Ол - тәубе. Алла Тағала «Күнәларының кешірілуі үшін кешірім тілейтін адам жоқ па? Тәубеге келуші жоқ па?» деп мүмкіндік танытып тұр. 
Ендеше бұл түнді бір мүмкіндік біліп еліміздің тыныштығын, халқымыздың ынтымағын, күллі адамзаттың амандығын тілеп дұға етейік ағайын.

Kalmakhan YerzhanKalmakhan Yerzhan
9 лет назад 3754
0 комментариев
О блоге
0
19403 20 94 249 49