Дұға
Дұға

Әулие Шакик Әбу Әли Бәлхи былай дейді: Күнде таң ертең төрт жағымнан шайтан жақындап «күнәларыңа мән берме» дейді. Мен де: «Мен, кім тәубе етіп, иман келтіріп, тура жолда болса; әлбетте жарылқаймын», («Таһа», 20/82) - деген аятты оқимын. Артымнан жақындап «бала шағаң аш жалаңаш» деп қорқытады. Мен де: «Жер бетіндегі әр жәндіктің қорегі Аллаға тән» («Һұд», 11/6) деген аятты оқимын. Оң жақтан жақындап мені мақтап ұлықтауға тырысады. Мен де: «...Онда сабыр ет. Расында соңғы табыс. Тақуалар үшін» («Һұд», 11/49) деген аятты оқимын. Сол жақтан жақындап дүниенің барлық сұлулықтарын ұсынады. Мен де: «Олармен олардың қалаған нәрселерінің арасына кедергі түседі», («Сәбә», 34/54) - деген аятты оқимын. Қолынан еш нәрсе келмеген шайтан кері қайтып кетеді.

Шайттаның адам баласын азғыра бастағанын көрген періштелер Алла тағалаға «Уа, Раббымыз адам баласы шайтаннан қалайша құтылады?» дейді. Жаратушы Хақ Тағала «Адам баласы үшін екі есік ашық. Екі қолын көтеріп жалбарынған мен маңдайын жерге қойып сәждеге жығылғанның жетпіс жылдық күнәсін кешемін» деген екен. Олай болса жаман атаулыдан ұзақ болудың бірден бір жолы дұға екен. Сондықтан дұғаны көптен-көп жасайық ағайын.

 

Kalmakhan YerzhanKalmakhan Yerzhan
10 лет назад 3336
1 комментарий
О блоге
0
19403 20 94 249 49