Дініміздің бірқатар бұйрықтары
Дініміздің бірқатар бұйрықтары

Алла Елшісі насихаттаған дін негізінен мынадай бұйрықтардан тұрды:

«Барша жаратылыстың егесі – Алла тағала. Ол – Жаратушы, баршаға рызық беруші, Мәңгі тірі, болмыс атаулының Иесі сол ғана. Ендеше, пәни нәрселерге емес, бір Жаратушыға ғана мойынсұнып, Соған ғана құлдық ұру қажет. Ұрлық-қарлық, әлімжеттік жасап басқаның мүлкін тартып алу, ар-намысын аяққа таптау – үлкен күнә. Әрқашан шындықты айтып, өтіріктен жуымаңдар. Әділ болыңдар! Нақақ кісі өлтірмеңдер! Барлығына, әсіресе туған-туыс, жарлы-жақыбай мен мұқтаж жандарға, жолаушыларға жақсылық жасаңдар! Асырай алмаймын-ау деп балаларыңды өлтірмеңдер! Зинаға жақындаушы болмаңдар! Жетім-жесірді жылатпаңдар! Уәде берсеңдер, сөздеріңде тұрыңдар! Таразыдан жемеңдер! Нақты білмейтін нәрселеріңді сөз етпеңдер. Өйткені құлақ, көз, жүрек – бәрі де айтылған ауыздан шыққан сөз үшін жауапқа тартылады. Менмендік пен тәкаппарлықтан сақтаныңдар! Бір-бірлеріңе мейірімді, жұмсақ сөйлеп, әдепті болыңдар! Ешкім басқа біреуді мазақтап қорламасын, жаман лақап ат тақпасын! Басқалар жайлы жаман ойламаңдар! Өзгенің қатесін тіміскілеп, күнәсін ашуға құмартпаңдар. Өздеріңе, ата-аналарың мен жақындарың үшін болса да өтірікке куәлік жасамаңдар! Әділетсіздік жасамаңдар, кешірімшіл болыңдар! Жамандыққа жақсылық жасаңдар, ішімдік ішпеңдер, құмар ойындарына құмартпаңдар!

Kalmakhan YerzhanKalmakhan Yerzhan
10 лет назад 4023
2 комментария
  • МАША АЛЛА! НЕТКЕН КЕРЕМЕТ!
    10 лет назад
  • Ғажап. Бүкіл ізгілікті қамтыған. Қалмахан аға сіздің жазбаларымыз қысқа да нұсқа салмақты дүниелер. Көп күттірмеңіз.
    10 лет назад
О блоге
0
19403 20 94 249 49