Әйюб пайғамбардың дұғасы
Әйюб пайғамбардың дұғасы

Хақ пайғамбардың науқастанып жатқанына көп жылдар болды. Бағзы деректерде оның он үш яки он сегіз жыл науқастанғаны айтылады. Осы дерт бір күні қатты асқынып жүрегі мен тіліне шапты. Ол ауру азабын қаншама тартса да Хақтан үмітін үзбеген еді. Сол себепті ол Аллаға жақындай түсіп, Оның «Шафи» есімін терең түсініп, тынбай зікір етіп келген. Ал қазір сол дерт меңдеп жүрегі мен тіліне жеткен кезде, оны Хақ тағалаға деген құлшылығыма залал тимесе екен деген ой мазалай бастады. Ақырында бір байламға келіп, Хақ Тағалаға: «Уа, Раббым! Бұл дерт маған залалын тигізе бастады. Саған лайықты терең құлшылық ете алмайтын түрім бар. Сен рақымдылардың ең Рақымдысысың»,–деп дұға етті. Хақ Тағала оның дұғасын қабыл етіп: «Аяғыңмен жерді теп. Міне саған шомылатын әрі ішетін суық су», – дейді. Хақ пайғамбар осы бұйрықты алғаннан кейін, дереу жерді теуіп қалып еді, жер астынан мөп-мөлдір су бұрқылдап шыға бастады. Ол сол суға шомылып, қанғанша ішіп мейірін қандырды. Сонда Хақ Тағала шипасын беріп, қанша жылдық науқасынан бірден айығып бұрынғы қалпына келді. Қаншама жылдан бері тартқан азабы көрген түстей өте шықты. Әйюб пайғамбардың осы суға түсіп емделуі кейінгі ұрпаққа дәстүр болып қалды. Халықтың қазіргі жылы су, шипалы су деген сықылды суларға емделуі осы Әйюб пайғамбардан басталған ба дерсіз.

 

Kalmakhan YerzhanKalmakhan Yerzhan
10 лет назад 3678
0 комментариев
О блоге
0
19403 20 94 249 49