Хақ тағаланың Адамға сәжде ету жөніндегі әміріне барлық періштелер мойынсұнды. Тек Ібіліс қана бас тартқан еді. Құранда Алла тағала: «Ей, Ібіліс! Менің бұйрығыма құлақ аспай, адамға сәжде етуіңе не бөгет болды?» – деді. Ол: «Мені оттан, оны топырақтан жараттың. Мен, әлбетте, одан қайырлымын, артықпын, қалай оған сәжде етпекпін, менен артық жаратылыс бар ма?» – деп тәкаппарланды. Өзінің қатесін түсініп, тәубеге келудің орнына ішін өрт шалған Ібіліс: «Мен одан артықпын. Мені оттан, оны балшықтан жараттың», «Балшықтан жаратқаныңа сәжде қыламын ба?»–деп одан сайын кергіді. Өйткені, ол өзін ең ардақты жаратылыспын деп білетін. Осылайша Ібіліс өзінің бағын байлап, өз жолын кескен еді.
Блог туралы
Тікелей эфир
-
Дәурен жаңа жазба қосты: "Как развивается исламский банкинг в Казахстане и ч..."7 сағат бұрынНУРЛЫБЕК САБЫРГАЛИЕВ жаңа жазба қосты: "ҚЫДЫР АТА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР..."9 сағат бұрынНУРЛЫБЕК САБЫРГАЛИЕВ "АУЫЛ ИМАМДАРЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ САЙЫСҚА ТҮСТІ..." тақырыбын ұнатты.2 күн бұрынНУРЛЫБЕК САБЫРГАЛИЕВ "СӘЛӘФИЗМНІҢ БОЛАШАҒЫ ЖОҚ, КЕЛЕШЕГІ - БҰЛЫҢҒЫР..." тақырыбын ұнатты.2 күн бұрынНУРЛЫБЕК САБЫРГАЛИЕВ "ӘЛЕМДІК ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ: ӨЗГЕРІСТЕР, ҮРДІСТЕР..." тақырыбына пікір жазды.2 күн бұрынНУРЛЫБЕК САБЫРГАЛИЕВ "ШОҚАН АҒАРТУШЫ МА?..." тақырыбын ұнатты.2 күн бұрын2023, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.