Ақ неке – Алланың адамзатқа берген сыйы
Ақ неке – Алланың адамзатқа берген сыйы

Адам баласы үшін отбасын құру өмірдегі ең қуанышты сәттерінің бірі болса керек. Себебі отбасылық өмір екі дүниелік бақыт. Ақ неке арқылы шаңырағы нық құрылған отбасы – Алланың адамзатқа берген сыйы, мейірімі. Оны сақтап қалу мүмкіндігі адамзатқа берілген. Себебі, бұл мүмкіндік адам баласын екі дүниеде де бақытқа жеткізеді. 

Алайда, кейбір жастарымыз осы мүмкіндікке жеңіл-желпі қарап, өзінің және қоғам алдындағы жауапкершілігін сезбей жатады. Аталмыш ақ некеге жеңіл қараған екі жас, жақындарының рұқсатынсыз өзара некелесе салады. Мұндай жастардың арасында көп ұзамай өзара түсінбеушілік, әлеуметтік жетіспеушілік, жарының көзіне шөп салу, ішімдік, нашақорлық секілді жаман әдеттер орын алса, діни қағидаларды өз еркінше түсінген яки ниеті бұзық ерлердің жауапкершіліктен жалтару мақсатында «талақ» сөзін емін еркін үш рет айтып, қаншама қаракөз қарындастарымыздың көз жасына қарамай тастап кету оқиғалары орын алуда. Қандай себеп болмасын шаңырақты сақтап қалу... http://alashainasy.kz/din_islam/ak-neke-allanyin-adamzatka-bergen-syiyyi-71999/ 

Kalmakhan YerzhanKalmakhan Yerzhan
9 жыл бұрын 5422
0 пікір
Блог туралы
0
19403 20 94 249 49