Хақ пайғамбардың науқастанып жатқанына көп жылдар болды. Бағзы деректерде оның он үш яки он сегіз жыл науқастанғаны айтылады. Осы дерт бір күні қатты асқынып жүрегі мен тіліне шапты. Ол ауру азабын қаншама тартса да Хақтан үмітін үзбеген еді. Сол себепті ол Аллаға жақындай түсіп, Оның «Шафи» есімін терең түсініп, тынбай зікір етіп келген. Ал қазір сол дерт меңдеп жүрегі мен тіліне жеткен кезде, оны Хақ тағалаға деген құлшылығыма залал тимесе екен деген ой мазалай бастады. Ақырында бір байламға келіп, Хақ Тағалаға: «Уа, Раббым! Бұл дерт маған залалын тигізе бастады. Саған...