Хазірет Айша (р.анһа) мен бауыры Әсмәнің жомарттығы
Абдуллаһ ибн Зүбәйрдің (р.а.) риуаяты бойынша «Хазірет Айша мен бауыры Әсмә (р.анһума) сияқты жомарт әйел затын көрмедім. Олардың жомарттығы бір-бірінен ерекше еді. Айша (р.анһа) жиған-тергенін сақтап, сосын пақырларға біртіндеп тарататын. Ал, Әсмәға (р.анһа) келсек, ертеңгі күнім деп ойланып-толғанып жатпастан қолындағын сол сәтте мұқтаждарға тарататын».