Ібілістің сәждеден бас тартуы
Ібілістің сәждеден бас тартуы

Хақ тағаланың Адамға сәжде ету жөніндегі әміріне барлық періштелер мойынсұнды. Тек Ібіліс қана бас тартқан еді. Құранда Алла тағала: «Ей, Ібіліс! Менің бұйрығыма құлақ аспай, адамға сәжде етуіңе не бөгет болды?» – деді. Ол: «Мені оттан, оны топырақтан жараттың. Мен, әлбетте, одан қайырлымын, артықпын, қалай оған сәжде етпекпін, менен артық жаратылыс бар ма?» – деп тәкаппарланды. Өзінің қатесін түсініп, тәубеге келудің орнына ішін өрт шалған Ібіліс: «Мен одан артықпын. Мені оттан, оны балшықтан жараттың», «Балшықтан жаратқаныңа сәжде қыламын ба?»–деп одан сайын кергіді. Өйткені, ол өзін ең ардақты жаратылыспын деп білетін. Осылайша Ібіліс өзінің бағын байлап, өз жолын кескен еді.

Kalmakhan YerzhanKalmakhan Yerzhan
2 жыл бұрын 529
0 пікір
Блог туралы
0
15103 20 94 249 49