Cезікті секірер
Cезікті секірер

Ертеде бір адамның ақшасы ұрланыпты. Кім алғанын біле алмай, бақсыны шақырыпты. Бақсы ауыл адамдарының бірін қалдырмай шыжғырыпты. Етіктерін шештіріп, жалаң аяқ қойып айтыпты:

-Мен жынымды шақырамын. Ол жылан болып келіп, ақшаны алған ұрының аяғын шағады.

Сонан соң қобызын алып, сарнап-сарнап отырып: «Ал, шақты!» деген екен, ұры секіріп түсіпті. Міне сезікті секірер демекші ұры өздігінен секірген екен.

Kalmakhan YerzhanKalmakhan Yerzhan
2 жыл бұрын 618
2 пікір
  • Толық түсінбедім
    2 жыл бұрын
  • Ұры іштей қорқып тұрса керек, сол үшін де секіруге дайын болса керек. Адамның психологиясы деген нәзік нәрсе ғой.
    2 жыл бұрын
Блог туралы
0
15103 20 94 249 49